Қазақстан Еуразия Одағына ортақ валюта енгізуге қарсы
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43639-Қазақстан_Еуразия_Одағына_ортақ_валюта_енгізуге_қарсы
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ортақ валюта енгізудің Еуразия экономикалық одағының күн тәртібіне қойылмағанын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 29, 2019 23:47 Asia/Almaty
  • Қазақстан Еуразия Одағына ортақ валюта енгізуге қарсы

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ортақ валюта енгізудің Еуразия экономикалық одағының күн тәртібіне қойылмағанын мәлімдеді.

Бақыт Сұлтанов Еуразия даму банкінің төрағасы Андрей Бельяниновтың аймақта  ортақ валюта енгізу туралы сөзіне тоқталып: "Аймақта ортақ валюта енгізу жайлы шешім қабылдау Еуразия даму банкі төрағасының өкілеттігіне жатпайды.  

Еуразия экономикалық одағының барлық құқықтық негіздері осы одаққа мүше елдердің тәуелсіздігіне қатысты мәселелерді сақтауға негізделген. Ортақ валюта елдердің тәуелсіздігін шектейді",-деп баса айтты.

Өткен сенбіде Қырғызстанның астанасы Бішкекте "Еуразия апталығы-2019" атты халықаралық форум мемлекеттік қызметкерлер, өндірушілер мен әртүрлі компаниялар өкілдерінің қатысуымен жұмысын бастады. Бішкек отырысы екі күнге орай, біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразияны біріктіру идеясының 25 жылдығы мен Еуразия экономикалық одағының келісіміне қол қойылғанына 5 жыл толуына байланысты өткізілді.

Өткен жылы Ресейдің Ұлттық есептеу кеңесі Еуразия экономикалық одағының ортақ электронды валютасын енгізу туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс Ресей Қаржы министрлігінің қолдауына ие болды. Алайда Қазақстанның Экономика министрі осы ұсынысқа реакциясында бұл елдің ортақ электронды валюта енгізуді қолдамайтынын мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша,  Еуразия экономикалық одағы аясында ортақ валюта енгізу долларды сауда айналымынан шығаруға бағытталған стратегиялық құралдардың бірі болып табылады. Еуразия экономикалық одағына мүше ірі әрі қуатты елдер осы мақсатты көздейді. Қазақстан Сауда және интеграция министрінің Еуразия даму банкі төрағасының ұсынысымен келіспеуі ортақ валюта енгізуге қатысты әртүрлі көзқарас айтылған жағдайда орын алып отыр. Осыған орай Ресейдің Ұлттық ғылым академиясының экономикалық  институтының зерттеушісі әрі көрнекті экономикалық  сарапшы Александр Караваев былай дейді: "Еуразия экономикалық одағы даму, тіпті кеңею әлеуетіне ие. Бұл одақ бұл жағдайды ұзақ мерзімде сақтап қала алады. Мұнымен бір мезгілде Еуразия аясында әлеуметтік және экономикалық  біртұтастыққа жету потенциалы өзінің ең жоғары шегіне жетті. Алайда одақ басшылары өздері көздеген біртұтастыққа жетпеуі мүмкін. Соның ішінде ортақ валюта енгізу, экономикалық жұмыстар үшін кедергісіз кеңістіктік тудыру, көпжақты ынтымақтастық жасау сияқты мақсаттарды атауға болады. Бірақ бұл жағымсыз хабар емес, шынайы жағдай. Ол уақыт өте келе шешілуі тиіс".

Аймақтық және халықаралық одақтар құру туралы негізгі идеялардың Қазақстанның бұрынғы Президенті тарапынан ұсынылып, бекітілгенін ескерсек, Қазақстанның Еуразияның ортақ валютасы идеясына қарсы шығуы ойландырады.