Анзали мен Ақтау айлақтарының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтанда Иранның солтүстігіндегі Анзали мен Қазақстанның Ақтау айлақтарының ынтымақтастығы жөніндегі келісімге қол қойылды.
IRNA ақпарат агенттігінің кешегі мәліметі бойынша, Қытай-Қазақстан-Иран халықаралық дәлізі арқылы жүк тасымалын арттыру, екі елдің бизнесмендеріне порт қызметін ұсыну саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көмектесу және Иранның Kaspian және Ақтау айлақатыр арасындағы жүк тасымал бойынша кеме қатынасын дамыту мақсаттарында Иранның Анзали және Қазақстанның Ақтау айлақтарының ынтымақтастығы жөніндегі келісімге қол қойылды. Иран-Қазақстан ортақ комиссиясының ынтымақтастығы туралы құжатта екі тарап азат аймақтың мүмкіндіктерін екі елдің, әсіресе Анзали азат аймағының ынтымақтастығын халықаралық жүк тасымалдау компаниялары мен кеме қатынасы арқылы дамыту қуатталды. Валюталық айналымды жеңілдету үшін Анзали еркін аймағында қазақстандық банктің филиалын немесе қаржы-банктік бөлімше ашу Иран-Қазақстан ортақ комиссиясы ынтымақтастығы құжатының келесі бөлімдерінің бірі болып табылады.