Өзбекстан мен Қазақстан екі ел шекарасын демаркациялау жөнінде келіссөз өткізді
Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметтік топтары Алматыда екі ел шекарасын демаркациялау жөнінде келіссөз өткізді.
Fars News агенттігінің мәліметінше, Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметтік топтары жұма күні Маңғыстау облысы мен Қарақалпақстан арасындағы учаскеде мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі құжаттардың жобаларын дайындады. Өзбекстан мен Қазақстан екі елдің мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін 2019 жылдың қараша айында демаркациялауға келісті. Шекаралық мәселелеріне байланысты Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Қазақстан қарым-қатынастары үнемі қиындықтармен бетпке бет келеді. Бұл тақырып аймақтық және трансаймақтық мемлекеттердің Орталық Азияға араласуы үшін сылтауға айналады. Өзбекстан мен Қазақстанның 2203 км ортақ шекарасы бар.