Қазақстанда ДАИШ тобының мүшесі болды деген күдікпен 14 адам сотқа тартылды
(last modified Thu, 24 Oct 2019 09:33:14 GMT )
Қаз 24, 2019 15:33 Asia/Almaty
  • 
Қазақстанда ДАИШ тобының мүшесі болды деген күдікпен 14 адам сотқа тартылды

Қазақстан Соты елінің он төрт азаматын ДАИШ лаңкестік тобына мүше болып, Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысты деген айыппен тергеуді бастады.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша бұл адамдардың соты кеше сәрсенбі күні Қазақстанның астанасы Нұрсұлтан қаласында қатаң қауіпсіздік жағдайда он үшінің қатысуымен өтті.
 

Ауруханада жатқан он төртінші күдікті де видео конференция арқылы сотқа қатысты.

Бұл адамдар лаңкестік әрекеттерге қатысып, лаңкестік топтарға адам тартып, лаңкестікті насихаттаумен айналысты деп айыпталып отыр.

Он төрт айыпталушы 2019 жылы арнайы бір операцияда Сириядан елге қайтарылған Қазақстанның жүздеген азаматының бірқатары.

Жуырда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясында араларында төрт жүз сәби бар жалпы саны 595 адамды елге қайтарды. Олардың ішіндегі 10 ер адам мен 5 әйел лаңкестік топтардың мүшесі болған деген айыппен түрмеге қамалды.

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті өткен жылы 2014 жылдан бері шамамен 800 азаматының Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобына қосылғанын хабарлады.