Қазақстанда Назарбаевтың өкілеттігі артты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойып, елдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін арттырды.
Осы Жарлыққа сәйкес, бұдан былай Назарбаев Министрлер кабинетіне мүше болу, қалалар мен аудан әкімдерін тағайындау, босату, мемлекеттік кейбір мекемелер мен кеңселерге толық бақылау жүргізу құқығына ие. Мұнымен қатар Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс және Ішкі істер министрлерінен басқа министрлердің барлығын тағайындау тек Назарбаевтың келісімімен іске асырылатын болды.
Тоқаевтың бұл Жарлығы Назарбаевтың Қазақстан үкіметіндегі билігі мен ықпалын шексіз мөлшерде арттырады. Назарбаев отыз жыл президент болған соң ағымдағы жылдың наурыз айының он тоғызы күні отставкаға кетті.
Ол отставкаға кеткеннен кейін елінің Ұлттық Қауіпсіздік Қоғары Кеңесінің басшысы міндетін ерекше өкілеттіктермен өз жауапкершілігіне алды.
Назарбаев президенттіктен кеткенімен 2018 жылы осы елдің Ұлттық Мәжілісі бекіткен заңның арқасында «ұлт көшбасшысы» деген атқа ие болып, Қазақстан саясатында билік пен ықпал иесі ретінде қалды. Батыстың кейбір ақпарат құралдары Назарбаев пен оның айналасындағыларды үнемі коррупциямен айыптағанымен Қазақтанның Ұлттық Мәжілісі қаулы бекітіп, оны заңмен қудалауға тыйым салды.
Қазақстанның саяси мәселелер маманы Сұлтанбек Сұлтанқалиев тілшілерге берген сұхбатта Назарбаевтың Министрлер кабинетін таратқанына сілтеме жасап: «Бұл Кабинеттің қабылдауға келмейтін жұмысымен қатар елдегі биліктің өту үдерісінің бастамасы болмақ. Соңғы өзгерістер президенттің іргелі және стратегиялық бағдарламалары бар екенін көрсетеді. Бұл Қазақстан үкіметіндегі өзгеріс үшін жасалды» деген болатын.
Қорыта айтқанда Қазақстан қоғамы мен халықтың экономикалық және тұрмыс жағдайына қатысты наразылықтарының артуына назар аударып, Назарбаевтың өкілеттіктерінің артуы Қазақстан үкіметіндегі іргелі де негізгі өзгерістердің басталуы бола алады деп айтуға болады. Бұл Қазақстан үкіметінің таратылған Кабинеті іскерсіздігінің негізгі жауапкершілігі Назарбаевтың мойнында болған жағдайда орын алып отырған жағдай.
Назарбаевтың отыз жыл президенттік кезеңнен кейінгі отставкасы Қазақстанның ішкі және аймақтық мәселелерін Орталық Азиядағы ең үлкен үкіметтегі басқа саясаткерлерге тапсыруды көздегендей көрінеді.
Шындық Қазақстандағы тамыры бұрынғы Кеңес одағының шешім қабылдауына шоғырланған жүйе билігінен басталған коррупцияның елдің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне қарамастан бәрібір қалып қойғанында.
Назарбаев отыз жылда бұл күрмеуді шеше алған жоқ. Шын мәнінде негізді өзгерістер мен қысқа мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қазақстандық саясаткерлердің осы негізгі мәселені шеше алатыны күмән тудырады.