Назарабев: Әлемдік экономикалық дағдарыстың белгілері байқалады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44275-Назарабев_Әлемдік_экономикалық_дағдарыстың_белгілері_байқалады
Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарыс ықтималына алаңдаушылық білдіріп, Еуропа Одағы мен Еуразия Экономикалық Одағының сұхбаттасуына мүдделік танытты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 14, 2019 16:10 Asia/Almaty
  • Назарабев: Әлемдік экономикалық дағдарыстың белгілері байқалады

Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарыс ықтималына алаңдаушылық білдіріп, Еуропа Одағы мен Еуразия Экономикалық Одағының сұхбаттасуына мүдделік танытты.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия үлкен құрлығының тасымалға деген ішкі тәуелдігі адамзат тарихында ортақ даму үшін бұрын- соңды болмаған мүмкіндік тудырады.  Әлемдік сын-қатерлердің алдын алу, Үлкен Еуразияда серіктестіктер мүмкіндігі үшін жаңа перспективаларды ашатын ашық, риясыз сұхбаттар қажет» деп баса айтты.

Назарбаев әлемдік алпауыттар арасындағы сауда соғыстары мен санкция тақырыбына да тоқталып: «Әлемдік алпауыттар арасындағы текетірес автоматты түрде Еуразияның көптеген аумағына жетіп, Сирия мен Украина дағдарыстарының шешім жолдарын шиеленістіреді. Англияның Еуропа Одағынан шығуы интеграцияға қарсы басты оқиғаға айналды. Америка мен Қытай арасындағы кикілжіңнің артуы жаһандық технология шынжырын тоқтатып, жоғары технологиялық әлем нарығын тұрақсыздыққа тіреді» деді.