Қазақстан Сенатының төрайымы Арменияға аттанды
Қар 15, 2019 17:24 Asia/Almaty
Қазақстан Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева осы ел депутаттары делегациясын бастап, ресми сапармен Арменияның астанасы Ереванға барды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Назарбаева Арменияның Ұлттық Парламент төрағасы Арарат Мирзоян, Премьер-министрі Никол Пашинян, Президент Армен Саркисянмен кездесіп, сұхбаттасады.
Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Арменияның екіжақы ынтымақтастығына қатысты мәселелер, сондай-ақ, парламентаралық қатынасты дамыту перспективасын талқылайды.