«Астана отырысының» 14-ші кезеңі келесі айдың басында өтеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44331-Астана_отырысының_14_ші_кезеңі_келесі_айдың_басында_өтеді
Сириядағы бейбітшіл келіссөздерді алға ілгерлету мақсатпен келесі айдың басында Нұр-Сұлтанда «Астана отырысының» 14-ші кезеңі өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 19, 2019 20:53 Asia/Almaty
  • «Астана отырысының» 14-ші кезеңі келесі айдың басында өтеді

Сириядағы бейбітшіл келіссөздерді алға ілгерлету мақсатпен келесі айдың басында Нұр-Сұлтанда «Астана отырысының» 14-ші кезеңі өтеді.

 

«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сириядағы бейбітшіл келіссөздер жөніндегі «Астана отырысының» келесі кезеңінің  алдағы айдың (желтоқсанның) басында өтетінін жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бұл отырыс қазан айының соңында өтпек болған, бірақ кейін уақыты қарашаның ортасына және соңында желтоқсанның басына шегінді. Тілеуберді Ресей, Түркия мен Ираннан ресми жауаптарын күтуін хабарлады.

«Астана отырысының» 13-ші кезеңі тамыз айында Сирия үкіметі мен оппозициясы өкілдері, соғыс тоқтатуға кепіл берген Иран, Түркия және Ресей, сондай-ақ бақылаушы Иордания, Ливан, Ирак елдері мен БҰҰ өкілінің қатысуымен өтті.