Әзірбайжан мен Қазақстан жаңа талшықты-оптикалық желінің құрылысын бастады
Кеше, сейсенбі күні Ақтауда Әзірбайжан мен Қазақстан арасында Каспий теңізі арқылы өтетін жаңа талшықты-оптикалық желінің құрылысы басталды.
Әзірбайжанның "APA" ақпарат агенттігінің мәліметінше, жаңа желінің ашылу салтанатына Қазақстан мен Әзірбайжан премьер-министрлері Асқар Мамин, Әли Асадов және екі елдің бірқатар экономикалық лауазымды тұлғалары қатысты. Ұзындығы 400 км Әзірбайжан мен Қазақстан арасында Каспий теңізі арқылы өтетін жаңа талшықты-оптикалық желінің құрылысы 2021 жылы аяқталады. Жаңа желі Еуропа мен Азия арасында секундына 4-6 Терабайт көлеміндегі мәліметпен алмасуға мүмкіндік тудырады. Бұл жобаны ұсынушы Әзірбайжанның "AzerTelecom" мемлекеттік компаниясы осыдан біраз уақыт бұрын екі ел арасында талшықты-оптикалық желі салу жөнінде Қазақстанның "Transtelecom" мен "KazTransCom" компанияларымен келісімшартқа қол қойды.