Қазақстанда діни экстремизммен күресу туралы семинар өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44361-Қазақстанда_діни_экстремизммен_күресу_туралы_семинар_өтті
"Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу" атты семинар Қазақстанның Ақсу қаласында мектептердің директорлары мен мұғалімдері және психологтардың қатысуымен өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 21, 2019 18:30 Asia/Almaty
  • Қазақстанда діни экстремизммен күресу туралы семинар өтті

"Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу" атты семинар Қазақстанның Ақсу қаласында мектептердің директорлары мен мұғалімдері және психологтардың қатысуымен өтті.

Shabestan News Agency-дің хабарлауынша, Иранның Қазақстандағы мәдени өкілінің айтуынша Конфессияаралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығы мен Ақсу қаласы әкімшілігінің білім және тәрбие департаментінің әріптестігімен ұйымдастырылған семинарға 160 мұғалім қатысты. Бұл шараның мақсаты адамдарды бүлдіргі ағымдардың қатерімен таныстырып, жастарды сабырлыққа шақырып, құрмет көрсетуге үйрету болып табылады.

Қазақстанның Конфессияаралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова осы семинарда сөйлеген сөзінде: "Біз осындай семинарлар өткізу арқылы мұғалімдерден балаларға дұрыс мағлұматтар беріп, оларды дұрыс жолға бастауға талпынуларын сұраймыз",-деді.

Семинарға қатысқан мамандар, сондай-ақ, сыни ойлауды дамыту, жастарға сабырлық пен төзімділікті үйрету және адамшылық пен секуляризм тақырыптарын талдады.