Қазақстанның "Әзірет Сұлтан" мешітінде "Бейбітшілік пен бітім" орталығы ашылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44371-Қазақстанның_Әзірет_Сұлтан_мешітінде_Бейбітшілік_пен_бітім_орталығы_ашылды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы орынбасарының талпынысымен Нұр-Сұлтандағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде "Бейбітшілік пен бітім" орталығы ашылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 22, 2019 15:39 Asia/Almaty
  • Қазақстанның

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы орынбасарының талпынысымен Нұр-Сұлтандағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде "Бейбітшілік пен бітім" орталығы ашылды.

Аһл-е бейт ақпарат агенттігі ABNA 24 хабарлауынша, Наурызбай қажының бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласының соты мен басты мешітінің арасында меморандумға қол қойылды.

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас мүфтиінің орынбасары Марат Бектазинов мен Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі басшысы Қуанышбай Алжиков меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес тараптар азаматтық қайшылықтарды шешу салалсында әріптестік жасайтын болады.

Ынтымақтастық меморандумы аясында "Әзірет Сұлтан" мешітінің қызметкерлері соттан бұрын іспен танысуды қолдап, жанұяның бірлігін сақтауға талпынып, консультациялық қызметтер атқарады. Сол себепті басты мешіттің "Бейбітшілік пен бітім" орталығында білікті бір дінбасы тағайындалды. Бұл орталық жанұялық мәселелерді шешумен айналысып, қиындықтарды жоюға талпыныс жасайды.