Қазақстан СІМ Еуроодаққа мүше елдердің елшілерімен кездесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44378-Қазақстан_СІМ_Еуроодаққа_мүше_елдердің_елшілерімен_кездесті
Қазақстан Сыртқы істер министрі елдегі Еуроодаққа мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесіп, Нұр-Сұлтан мен Еуроодақтың екіжақты және жан-жақты ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 23, 2019 14:13 Asia/Almaty
  • Қазақстан СІМ Еуроодаққа мүше елдердің елшілерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі елдегі Еуроодаққа мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесіп, Нұр-Сұлтан мен Еуроодақтың екіжақты және жан-жақты ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты.

 

«Fars News» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхтар Тілеуберді кездесудің басында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси белсенділер диалогы, екіжақты сауда қарым-қатынасы мен  инвестиция салуға тарту жұмыстарына ризалығын білдірді. Ол Қазақстан мен Еуроодақтың бүкіл 28 мемлекеті арасындағы ықпалдастық пен ынтымақтастықты кеңейту келісіміне қол қойылуы мен Еуроодақтың Орта Азиямен ынтымақтастық жасау саласындағы жаңа стратегиясын қолдады.  Кездесудің соңында Еуроодақ өкілеттігінің басшысы Қазақстан Премьер министрі Асқар Маминның басшылығымен өткен экономикалық және сауда ынтымақтастықтары  жөніндегі еуропалық дипломаттар арасындағы отырыстар мен кездесулерді оң бағалады.

Өткен жылы Қазақстан мен Еуроодаққа мүше елдер арасындағы сауда айналымы 37,7 млрд. Долларды, оның 31 млрд доллары экспортты, қалған 6,7 млрд доллары импортты құрады.