Қазақстанда дін саласында 7 мыңнан аса адам қызмет етеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44411-Қазақстанда_дін_саласында_7_мыңнан_аса_адам_қызмет_етеді
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қазақстанның түкпір-түкпірінде дін саласында 7 мыңнан аса адам қызмет етіп, әртүрлі міндеттерді атқаратынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 25, 2019 19:28 Asia/Almaty
  • Қазақстанда дін саласында 7 мыңнан аса адам қызмет етеді

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қазақстанның түкпір-түкпірінде дін саласында 7 мыңнан аса адам қызмет етіп, әртүрлі міндеттерді атқаратынын мәлімдеді.

Shia-news ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дәурен Абаев сөйлеген сөзінде: "Қазақстанда әралуан діни сенімге ие түрлі ұлт өмір сүреді. Қазақстан өзін демократиялық республика санайды. Діни сенімдеріне қарамастан, барлық азаматтар үшін бірдей дін таңдау еркіндігі мен тең құқықтың сақталатынына кепілдік береді. Соңғы 30 жылда Қазақстанда әртүрлі діндер мен діни одақтар кең таралды. Олар Қазақстанның көпұлтты қоғамын жаңарту, бірлік пен келісімді нығайту және бейбітшілік пен достық қатынасты орнатуда маңызды. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде бүлдіргі діни ағымдар кең таралған. Бұл адамзат баласының ең негізгі түйткілдерінің бірі. Оған дер кезінде әсерлі реакция білдіру қажеттігін мойындау керек",-деді.

Дәурен Абаевдың айтуынша, өткен үш жыл барысында Қазақстанда дін саласында 78-тен аса түрлі бағдарлама орындалды.