«Астана келіссөздері» жаңа кезеңінің тақырыптары жарияланды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44421-Астана_келіссөздері_жаңа_кезеңінің_тақырыптары_жарияланды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тұтқындарды азат ету, жоғалып кеткендерді іздестіру және гуманитарлық көмек көрсетуді Иран, Ресей және Түркияның қатысуымен өтетін Сирия жөніндегі «Астана келіссөздері» жаңа кезеңінің тақырыптары ретінде жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 26, 2019 17:55 Asia/Almaty
  • «Астана келіссөздері» жаңа кезеңінің  тақырыптары жарияланды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тұтқындарды азат ету, жоғалып кеткендерді іздестіру және гуманитарлық көмек көрсетуді Иран, Ресей және Түркияның қатысуымен өтетін Сирия жөніндегі «Астана келіссөздері» жаңа кезеңінің тақырыптары ретінде жариялады.

«Mehr News» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иран, Ресей және Түркияның қатысуымен Сирия жөніндегі «Астана келіссөздерінің» 14-ші кезеңінің желтоқсан айының 10-11 күндері Нұр-Сұлтанда өтетінін хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров отырысқа «Астана келіссөздеріне» кепіл елдер Иран, Түркия мен Ресейдің және Сирия үкіметі мен оппозициясы өкілдерінің қатысатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ  отырысқа БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак елдері өкілдерінің қатысатынына тоқталып: "Отырыстың күн тәртібіне Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді арттыру, босқындардың оралуына көмектесу және Конституция комитетінің жұмысын бастап, саяси үдерісті ілгерлету қойылады",- деді.