Қазақстанда кең таралған хакерлік операциялар анықталды
Қытайдың кибер қауіпсіздік компаниясының бірі Қазақстанда кең таралған хакерлік операцияларды анықтағанын хабарлады. Бұл шабуылдың негізгі нысаналары кейбір мемлекеттік және әскери ұйымдар болды.
Қытайдың Qihoo 360 компаниясы Қазақстанда кең таралған хакерлік операцияның іске асырылғанын, соның ағымында мемлекеттік, әскери, шетелдік дипломаттар, зерттеушілер, журналистер, жеке компаниялар, білім органдары, діни тұлғалар мен саяси наразылардың нысанаға алынғанын көрсететін мәлімдемені жариялады. Qihoo 360 компаниясының мәлімдемесі бойынша, аталмыш хакерлік шабуыл кең ауқымды болған.
Шабуылды іске асырғандар хакерлік құралдарға ие болып, тыңшылық жасау үшін арнайы бағдарламалар сатып алған. Осы шабуылдарды сәтті орындау үшін вирус жұқтырған Email-дер, фишингтік шабуылдар, компьютерлер мен ұялы телефондарға физикалық қолжетімділік пен басқа әдістер қолданылған. Шабуылдың артында тұрған топ – APT-C-34 немесе Golden Hawk. Бұл топтың бұрынғы жұмысы жөнінде мәлімет жоқ.