Қазақстан мен Ресей қайраткерлері кездесуінің негізгі тақырыбы – атом саласындағы ынтымақтастық
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44428-Қазақстан_мен_Ресей_қайраткерлері_кездесуінің_негізгі_тақырыбы_атом_саласындағы_ынтымақтастық
Қазақстан Премьер-министрі мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры кездесіп, пікір алмасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 27, 2019 14:50 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей қайраткерлері кездесуінің негізгі тақырыбы – атом саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Премьер-министрі мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры кездесіп, пікір алмасты.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Асқар Мамин «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуінде атом саласындағы ынтымақтастықтарды екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орынға ие деп атады. Екі жақ кездесуде Ресей мен Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын,  соның  ішінде уран өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму, сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Қазақстанда «Заречное»,  «Қаратау», «Ақбастау», «Хорасан-U» деген бірлескен компаниялар уран өндіру саласында жұмыс істейді. 2018 жылы бұл компаниялар 8427  тонна, Қазақстандағы уран өндіріснің барлық көлемінен 38,8% уран өндірді. Сондай-ақ осы жылдың 9 айында 6645,8 тонна уран өндірді.