Иран Қазақстанда өткен дипломатиялық қайырымдылық базарына белсенді қатысты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44505-Иран_Қазақстанда_өткен_дипломатиялық_қайырымдылық_базарына_белсенді_қатысты
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында он екінші дипломатиялық қайырымдылық базары 53 дипломатиялық өкілдік, соның ішінде ИИР елшілігі мен осы елдегі бірнеше халықаралық мәдени орталықтың қатысуымен өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 02, 2019 19:39 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанда өткен дипломатиялық қайырымдылық базарына белсенді қатысты

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында он екінші дипломатиялық қайырымдылық базары 53 дипломатиялық өкілдік, соның ішінде ИИР елшілігі мен осы елдегі бірнеше халықаралық мәдени орталықтың қатысуымен өтті.

ИИР елшілігі өткен жылдары да бұл базарға белсенді қатысқан. ИИР бұрышы базарда тамашалаушылардың ыстық ықыласына бөленген белсенді бұрыштардың бірі болды.

Иран бұрышында ұлттық қолөнер бұйымдары, кептірілген жемістер, дәстүрлі тәттілер мен тағамдар көрмеге қойылып, сатылды.

Базардан түскен табыс науқастар, мұқтаж жандар мен табысы аз топтарға жәрдемдесуге жұмсалады.

Базар жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында Қазақстандағы шетелдік елшілердің жұбайлары қауымдастығының бастамасымен өтеді.