Тоқаев Қатардың ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті
Қазақстан Президенті Тоқаев ынтымақтастық жағдайын талқылау үшін Нұр-Сұлтанға келген Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қатар делегациясының Нұр-Сұлтан сапары екі елдің арасындағы өзара ынтымақтастықтардың дамуына жаңа серпін береді»,- деді. Кездесуде қаржы ынтымақтастықтары, әсіресе «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы Қазақстанға инвестиция тарту тақырыбы талқыға салынды.
Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани өз елі басшысының жолдауын Қазақстан Президенті мен еліне жеткізіп: «Екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Біздің сапарымыз бұл үдерісті қолдау мақсатын көздейді. Біз қазақстандық қаржы ұйымдарымен ұзақ және жақын қарым-қатынас орнаттық. Сондай-ақ банк, қаржы және инвестиция бөлімдерінде ынтымақтастық жасап жатырмыз. «Астана» халықаралық қаржы орталығында Қатардың ірі банктерінің бірінің филиалын ашуға келістік»,- деді.