Ертең Нұр-Сұлтанда Сирия бейбітшілік келіссөздерінің 14-ші кезеңі басталады
Ертең сейсенбі күні Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында "Астана үдерісі" атты Сирия бейбітшілік келіссөздерінің 14-ші кезеңі Астана үдерісінің үш кепілгер елі Иран, Ресей мен Түркия және келісімгер делегациялардың қатысуымен басталып, 2 күнге созылады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Әли Асқар Хаджи бастаған ирандық делегация отырысқа қатысу үшін Нұр-Сұлтанға аттанды.
БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсон де осы отырысқа қатысатынын хабарлап, Иран мен Ресейдің Сирия өзгерістеріндегі ықпалына тоқталып, екі елден Сирия дағдарысын шешуге көмектесуді сұрады.
Келіссөздің бұл кезеңі қазанның соңында өтуі тиіс болған.