Қазақстан Сыртқы істер министрі Вашингтонға барады
Жел 10, 2019 15:49 Asia/Almaty
Қазақстан Сыртқы істер министрі 12-13 желтоқсанда АҚШ-қа ресми сапармен барады.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді америкалық тараптың шақыруымен АҚШ-қа ресми сапармен аттанады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл хабарды жариялауымен бірге: «Қазақстан Сыртқы істер министрі бұл сапарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, АҚШ үкіметінің ресми өкілдері және Конгресс пен Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесіп, пікір алмасады»,- деп мәлімдеді.