Төмен деңгейге байытылған уранның екінші партиясы Қазақстанға тапсырылды
Төмен деңгейге байытылған уранның екінші партиясы Өскемендегі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Төмен байытылған уран банкінде сақталу үшін Қазақстанға тапсырылды.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Еуразия телеарнасы төмен деңгейге байытылған уранның екінші топтамасының Төмен байытылған уран банкінде сақталу үшін Қазақстанға тапсырылғаны жөнінде хабарлады. Мамандардың пікірінше, төмен байытылған уран радиоактивті қалдық емес. Сондықтан адамдар үшін қатерлі емес. АҚХА-нің эксперттері қауіпсіздік шараларын бақылауда ұстап отыр.
Өскемендегі АҚХА-нің Төмен байытылған уран банкінде 90 тонна төмен байытылған уран сақталып, бұл уран атом стансаларындағы жеңіл су реакторларында қолданылады. Төмен байытылған уранның алғашқы партиясы Қазақстанға «Қазатомөнеркәсіп» және Францияның Arano Cycle бірлескен кәсіпорны арқылы жеткізілді.