Қазақстанда ДАИШ-тың 14 мүшесі 8-14 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан қаласы Сотының шешімімен ДАИШ лаңкестік тобының 14 мүшесі 8-14 жылға сотталды.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл адамдар ағымдағы жылдың басында «Жусан» операциясы кезінде Сириядан Қазақстанға оралған. Қазақстан басшыларының мәліметінше, жалпы Сирия мен Ирактан 824 қазақстандық азамат елге оралды. Олардың ішінде 44 адам лаңкестік топқа мүше болды және қарулы шабуылдарға қатысты деген айыппен түрмеге қамалды.