Қазақстанда аңға бүркіт салу маусымы басталды
Жел 14, 2019 18:52 Asia/Almaty
Алматы қаласының маңындағы Қайнар ауылында аңға құс салатын дәстүрлі жарыс өтті. Жарысқа бүркіттер мен қаршығаларды баулитын құсбегілер қатысты. Аңға бүркіт салу – ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан қазақтардың ежелгі дәстүрлерінің бірі. Бүркіт салу маусымы суық түскенде басталып, әдетте қараша-шілде айларында жалғасады.









