Қазақстанда ондаған шеруші тұтқындалды
Қазақстан ақпарат құралдары Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ондаған наразы шерушіні елдің қауіпсіздік күштері тұтқындағанын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның ақпарат құралдары: «Қазақстан қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында Президент сарайына қарай бет алған шамамен 60 шерушіні қамады»,- деп хабарлады. Сондай-ақ Алматы қаласында да «Оян, Қазақстан!» қозғалысы жүздеген наразының қатысуымен митинг өткізді. Бұл жерде де шамамен 40 адам тұтқындалды.
Саяси тұтқындарды босату, Қытайдың араласуының алдын алу, қазіргі үкіметті отставкаға жіберу, «Нұрсұлтан Назарбаевсыз Қазақстан!» деген ұрандар Алматы мен Нұр-Сұлтан және Қазақстанның кейбір басқа қалаларындағы митингтерінде айтылды.