Шетелдік туристерге Қазақстанның визасын беру жеңілдетілді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44742-Шетелдік_туристерге_Қазақстанның_визасын_беру_жеңілдетілді
Қазақстан Ішкі істер министрлігі шетелдік туристерге Қазақстанның визасын беру үдерісінің жеңілдетілгенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 20, 2019 19:21 Asia/Almaty
  • Шетелдік туристерге Қазақстанның визасын беру жеңілдетілді

Қазақстан Ішкі істер министрлігі шетелдік туристерге Қазақстанның визасын беру үдерісінің жеңілдетілгенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі "шетелдік азаматты шақыру" атты электронды қызмет түрін іске қосу арқылы шетелдік туристердің виза алу мүмкіндігі жеңілдетілгенін хабарлады.

Бұл мәлімет бойынша, елге кіруге шақыру хат беру – ең көп сұралатын қызметтерінің бірі. Бұл хатты Қазақстан Ішкі істер министрлігі береді.

Электронды қызмет іске қосылмас бұрын Қазақстанға келгісі келген шетелдік азаматтар виза алу барысында көптеген қиындықтарға, соның ішінде міндетті түрде Қазақстан елшілігіне баруға, 30 күн немесе одан да көп уақыт жауап тосу мәселесіне ұшырап отыратын.

Бүгінде электронды виза арқылы Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайлары арқылы ғана елге кіруге болады.

Бұл қызмет 2020 жылы Қазақстанның барлық шекаралық өткелдерінде көрсетілетін болады.