Алматыда қоғам белсенділерін азат ету үшін наразылық жиыны өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44817-Алматыда_қоғам_белсенділерін_азат_ету_үшін_наразылық_жиыны_өтті
Алматы қаласының бір топ тұрғыны қаланың уақытша қамау изоляторының алдына жиналып, ұсталған қоғам белсенділерін азат етуді сұрады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 26, 2019 17:10 Asia/Almaty
  • Алматыда қоғам белсенділерін азат ету үшін наразылық жиыны өтті

Алматы қаласының бір топ тұрғыны қаланың уақытша қамау изоляторының алдына жиналып, ұсталған қоғам белсенділерін азат етуді сұрады.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша желтоқсан айының он алтысы күнгі наразылық шерулерінде ұсталған жиырма бес адам аштық жариялады.

Алайда Алматы қаласының полициясы қамаудағылардың аштық жариялағанын теріске шығарып отыр. 

Наразы топ қамауда жатқандардың босатылуын сұрады. Бірақ уақытша қамау изоляторы басшыларынан ешкім оларға келген жоқ. Желтоқсанның он алтысы күні бүлікшілерге қарсы полиция Алматы мен Нұрсұлтан қалаларының ондаған азаматын ұстады.

Қазақстанның ІІМ желтоқсанның он алтысы күнгі наразылық оқиғаларында елу бес адамның ұсталғанын хабарлады.