Қазақстан ресейлік софттарды пайдалануды Еуроодақ заңын бұзу деп атады
Жел 26, 2019 18:21 Asia/Almaty
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Ресейдің азаматтарына смарт телефондарына ресейлік софттарды мәжбүрлі түрде орнату туралы жаңа заңын Еуразия одағының заңдарына қайшы деп атады.
Бақыт Сұлтан баспасөз конференциясында: «Біз ортақ нарыққа иеміз. Бізге Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Армения кәсіпорындары бірдей», - деді.
Ресей президенті желтоқсанның екісі күні смарт телефондар мен гаджеттер, компьютерлер және смарт теледидарларға ресейлік бағдарламалық жасақтамалар орнатылуы керек деген заңға қол қойды.
2020 жылдың шілде айының бірінен бастап күшіне енетін бұл заң электротехника сататындардың қарсылығымен бетпе бет келді.