Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберілді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i44867-Қазақстанда_апатқа_ұшыраған_ұшақтың_қара_жәшігі_Мәскеуге_жіберілді
Қазақстан басшылары осы елдің апатқа ұшыраған жолаушы тасымалдаушы ұшағы қара жәшігінің Ресейге жіберілгенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 29, 2019 20:34 Asia/Almaty
  • Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберілді

Қазақстан басшылары осы елдің апатқа ұшыраған жолаушы тасымалдаушы ұшағы қара жәшігінің Ресейге жіберілгенін хабарлады.

EuroNews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі сенбі күні Bek Air компаниясының жолаушы тасымалдаушы ұшағының қара жәшігі мен дыбыс жазу аппаратының сараптама үшін Мәскеуге жіберілгенін хабарлады.

Қазақстанның Bek Air компаниясының жолаушы тасымалдаушы ұшағы жұма күні 98 жолаушымен әуежайдан көтерілген бетте құлады. Бұл оқиғада 12 адам қаза тауып, 54 адам жараланды.

Fokker 100 ұшағы 1996 жылдан бері шығарылмайды. Қазақстан басшылары Bek Air компаниясының барлық әуе рейстері мен Fokker 100 ұшақтарының жұмысы оқиғаның егжей-тегжейі анықталғанша тоқтатылғанын хабарлады.