Қазақстанда «Сарыарқа» газ құбыры іске қосылды
Қазақстанның Энергетика министрлігі «Сарыарқа» газ құбырының іске қосылғанын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қызылорда облысынан бастау алған бұл газ құбыры табиғи газбен елдің астанасы мен орталық және солтүстік аймақтарын қамтамасыз етеді. Аталмыш газ құбырының іске қосылуымен Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау мен Жезқазған қалалары, сондай-ақ олардың айналасында өмір сүретін шамамен 2,7 млн халық табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жобаның іске асырылуы рәсімі 2018 жылдың желтоқсан айында өткен болатын. Жобаны іске асыру ағымында 1061 км газ құбыры, 5 бірлік қуатты автоматтандырылған газ тарату станциясы, сондай-ақ газ өлшеу станциясы салынды. Қазақстанның Энергетика министрлігінің мәліметінша, бұл жоба шағын және орта сауданың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен жаңа инфрақұрылымдардың салынуына себеп болады.