Алматыда Еуразия экономикалық одағы Премьер-министрлерінің отырысы өтеді
Алматыда 31 қаңтарда Еуразия экономикалық одағының үкіметаралық кеңесінің отырысы өтеді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, басқосуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Премьер-министрлері және бақылаушы ретінде Молдавия Премьер-министрі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның директорлар кеңесінің төрағасы қатысады. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің күн тәртібінде 12 тақырып, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, мүше мемлекеттер арасындағы трансшекаралық сауданы кеңейту, ішкі нарықтағы кедергілерді жою және экономикалық интеграцияның әлеуетін дамыту мәселелері бар. Дәл сол күні отырысқа қатысушылар технологиялық инновациялар мен кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыру үшін цифрлық экожүйелердің өзара әрекеттесуіне арналған «Әлемдік экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық конференцияға қатысады. Бұл конференцияға үкіметтік ұйымдардың өкілдері мен осы сала мамандары шақырылды.