Қазақстан Қытайға мұнай экспортын тоқтатты
Қаң 23, 2020 21:37 Asia/Almaty
Қазақстанда өндірілген мұнайдың экспорты тасымал құбырларының ластануы себебінен тоқтатылды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазтрансойл" қазақ-қытай компаниясы құбырлар мен жабдықтардың ластануы салдарынан Қытайға мұнай экспортын тоқтатты.
Осы мәліметке сәйкес, "Қазтрансойл" компаниясының мамандары осы жылдың 16 қаңтарында құбырлардың ластанғанын растады.
Қазір Қазақстанның Энергетика министрлігі мұнай экспорттаудың жаңа бағдарламаларын дайындап жатыр.
Қазақстан 2018 жылы Қытайға 1,3 млн тоннадан астам мұнай экспорттады.