Қазақстан Президенті Мәскеуге сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45224-Қазақстан_Президенті_Мәскеуге_сапар_шегеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге сапар шегеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 24, 2020 17:22 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Мәскеуге сапар шегеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге сапар шегеді.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ресейлік әрептесінің шақыруымен Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатынын хабарлады.

Бұдан бұрын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның да 9 мамырда Ресей астанасында өтетін әскери парадқа қатысатыны туралы хабарланды.  Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Ареф Низамиан Рахмонның қатысуымен бірге Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін әскери парадқа Тәжікстанның құрлық және әуе-қорғаныс күштері тобы қатысатынын мәлімдеді.