Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасында діни тақырыпта 9 кітап жарық көрді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45256-Қазақстан_Мұсылмандарының_Діни_басқармасында_діни_тақырыпта_9_кітап_жарық_көрді
Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы 9 діни кітап басып шығарып, мұсылмандарға таратты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 26, 2020 19:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасында діни тақырыпта 9 кітап жарық көрді

Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы 9 діни кітап басып шығарып, мұсылмандарға таратты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы баспа және аударма бөлімінің басшысы Мұрат Абдулхақ осы басқарма қызметкерлерінің 9 кітабы 23 мың данада басылып шыққанын хабарлады. "Құран Кәрімнің ұлылығы туралы 40 хадис", "Исламдық ақлақ", "Пайғамбардың ақ жолы" және т.б. жарық көрген кітаптардың қатарына жатады.

Бұл 9 кітаптан басқа, "Зекет – 5 парыздың бірі", "Рамазан – қасиетті ай", "Рамазан – нұрлы ай", "Құрбан айты туралы", "Бір мұсылманның тұлғасы", "Намаз" және "Жанұя және исламдық құндылықтар" атты кітаптар 2 мың данада жуырда жарық көрді.

Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы, сондай-ақ, "Намаз оқуға үйрету", "Дұрыс дәрет алу тәсілі" және "Салауат айту тәсілі" сияқты брошюраларды басып шығарып, халық арасында таратқанын хабарлады.