Помпео Қазақстан үкіметін ұйғырлар мәселесіне байланысты Қытайға қысым көрсетушілер қатарына қосылуға шақырды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен Қытай арасына қайшылық тудыру үшін Қазақстан үкіметін ұйғырлар мен этникалық қазақтар мәселесіне байланысты Қытайға қысым көрсетушілер қатарына қосылуға шақырды.
Майк Помпео қазақстандық әріптесімен Нұр-Сұлтан қаласында өткізген баспасөз отырысында бұл мәселе жөнінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен пікір алмасқанын хабарлады. Помпео: "Біз Қытайдың лагерлерінде отырған бір-екі миллион ұйғыр мен этникалық қазақтардың ауыр тағдырын талқыладық. Халықаралық қауымдастық Қытайдан қашып, басқа елдерде пана тапқысы келетін түрік тілдес ұйғырлар мен қазақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынуы керек",-деді. Помпео сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстанға Қытайда таралған короновирусқа қарсы тұруға көмектесетінін мәлімдеді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі де бірлескен баспасөз отырысында АҚШ пен өз елі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін қуаттады.