Өзбекстан мен Қазақстан атом қуаты саласында әріптестіктерін кеңейтеді
(last modified Fri, 07 Feb 2020 09:08:25 GMT )
Ақп 07, 2020 15:08 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан атом қуаты саласында әріптестіктерін кеңейтеді

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Өзбекстанның Энергетика министрлігінің жауапты тұлғалары Ташкентте атом қуатын қолдану саласында екіжақты қарым қатынасты дамыту жолдарын талқылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Өзбекстанның Энергетика министрлігінің жауапты тұлғалары бейсенбі күні атом стансаларының қоршаған орта мен экологияға әсерлерін бағалау және хабарландыру саласында бірлесе әрекет етіп, әріптестікті кеңейту мәселесін талқылады.

Өзбекстан тарабы осы кездесуде бұл елде АЭС салу үдерісі, атом қуаты бағдарламалары аясында атқарылған шаралар және ядролық қауіпсіздік  саласындағы халықаралық құқықтық құралдар туралы мәлімет берді.