Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6 адам анықталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45913-Қазақстанда_коронавирус_жұқтырған_6_адам_анықталды
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі бұл елде коронавирус жұқтырған 6 адамның анықталғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 15, 2020 19:08 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6 адам анықталды

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі бұл елде коронавирус жұқтырған 6 адамның анықталғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында елде коронавирус жұқтырудың жаңа жайттарының анықталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, елде коронавирус 9 наурызда Германиядан Алматыға келген бір адамнан басталды.

Ол: «62 жастағы бір ер және әйел адам да коронавирус жұқтырған. Олар Ресей мен Польшадан Алматы мен Нұр-Сұлтанға келген»,-деді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: «Тексерістер нәтижесінде олардың барлығы коронавирус жұқтырған болып шықты»,-деді.

Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы 6 адам вирусқа шалдықты.

Қазақстан басшыларының мәліметінше, барлық науқастар қазір дәрігерлердің бақылауында.