Қазақстанда барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдер өткізілмейтін болды
Қазақстан Президенті елде коронавирустың таралуының алдын алу үшін барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдердің өткізілмейтінін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдер, соның ішінде Наурыз мерекесі және Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда жоспарланған әскери шеру өткізілмейді»,-деді.
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов та бүгін коронавирустың таралуына байланысты сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлардың жабылғанын хабарлады.
Ол, сондай-ақ, елдегі мектептерде 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалыс жарияланғанын айтты.
Тоғжановтың сөздеріне сәйкес, бұл елдегі университеттердің студенттері оқуларын онлайн түрде жалғастырады.