Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір әйел тәртіпке бағынбағаны үшін жазаланды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45930-Қазақстанда_коронавирус_жұқтырған_бір_әйел_тәртіпке_бағынбағаны_үшін_жазаланды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір әйел өзімен байланыста болған адамдардың аттарын атаудан бас тартқаны үшін жазаланды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 16, 2020 21:12 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір әйел тәртіпке бағынбағаны үшін жазаланды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір әйел өзімен байланыста болған адамдардың аттарын атаудан бас тартқаны үшін жазаланды.

Алматы полициясының хабарлауынша, коронавирус жұқтырған бұл әйел өзімен байланыста болған адамдардың аттарын атаудан бас тартып, медициналық қызмет көрсету үдерісін бұзды.

Осы орайда ол Қазақстанның Қылмыстық заңының 304-бабына сәйкес медициналық заңдар мен стандарттарды бұзып, халық арасында аурудың таралуына себеп болғаны үшін жазаланды.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, жуырда Алматы қаласында бір адамның коронавирусқа шалдыққаны расталды. 12 жастағы бұл қыз Алматыға Германиядан келген.

Қазақстан Президентінің бұйрығымен коронавирустың алдын алу мақсатында бұл елде  15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.