Қазақстан Президенті коронавируспен күресуді қуаттады
(last modified Tue, 17 Mar 2020 11:20:12 GMT )
Нау 17, 2020 17:20 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті коронавируспен күресуді қуаттады

Қазақстан Президенті коронавируспен күресуге қажет шаралардың қолданылғанын қуаттады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде коронавирусқа қарсы қажет шаралардың қолданылғанына тоқталып, бұл елде коронавирусқа шалдыққан 9 адамның анықталғанын хабарлады.  Тоқаев коронавируспен күресу үшін мамандардан құрылған арнайы штабтың және ұйымдар арасындағы комиссияның құрылуына назар аудартып: «Вирусқа шалдыққан адамдар карантинге жабылып, дәрігердің бақылауына алынады»,- деді. Тоқаев үндеуінің жалғасында Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі төтенше жағдайдың жариялануына тоқталып: «Төтенше жағдай 16 наурызда басталып, 30 күнге жалғасады және қажет болса, одан әрі жалғасуы мүмкін»,- деп қосты. Ол серуен орталықтары, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелер мен басқа қоғамдық жерлердің уақытша жабылуын қуаттап: «Уақытша сауда орталықтардың жұмыстары шектеледі, бірақ азық-түлік сататын жерлердің жұмысы жалғасады»,- деді.