Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 33 адам тіркелді
Нау 18, 2020 16:20 Asia/Almaty
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде 33 адамның коронавирусқа шалдықанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі тілшісінің Алматыдан хабарлауынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбі күні "Covid 19" шалдыққан 33 адамның 15-нің Алматы қаласында және 18-нің Нұр-Сұлтанда тіркелгендерін мәлімдеді. Сондай-ақ бұл науқастардың ішінде 12 жастағы қыз баланың тіркелгені туралы айтылды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні коронавирустың таралуының алдын алу үшін бұл елде бір айға төтенше жағдай жариялады.
Тегтер