Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44-ке жетті
Нау 19, 2020 16:27 Asia/Almaty
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы 7 адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды.
Жалпы елде 44 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 19-ы Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды.