Тоқаев Қазақстан халқын Наурызбен құттықтады
Қазақстан Президенті өз елі халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың құтықтауында: «Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – табиғаттың оянуы мен жасампаз рухтың жаршысы. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Өкінішке қарай, биыл Наурыз мейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы жаһандық экономикамен қатар біздің елімізге де айтарлықтай зардабын тигізуде. Бүкіл әлем күрделі сынақты бастан өткеруде. Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл қиын-қыстау кезеңнен де сүрінбей өтеміз деп сенемін»,- деп айтылды.