Тоқаев Қазақстан халқын Наурызбен құттықтады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46009-Тоқаев_Қазақстан_халқын_Наурызбен_құттықтады
Қазақстан Президенті өз елі халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 22, 2020 17:50 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстан халқын Наурызбен құттықтады

Қазақстан Президенті өз елі халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың құтықтауында: «Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – табиғаттың оянуы  мен жасампаз рухтың жаршысы. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Өкінішке қарай, биыл Наурыз мейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы жаһандық экономикамен қатар біздің елімізге де айтарлықтай зардабын тигізуде. Бүкіл әлем күрделі сынақты бастан  өткеруде.  Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл қиын-қыстау кезеңнен де сүрінбей өтеміз деп сенемін»,- деп айтылды.