Коронавирус Назарбаев пен Мирзиёевтың сұхбаттарының басты мәселесі болды
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, коронавирустың таралуының алдын алу мен оның екі елге тигізетін теріс әсерін азайту жөнінде пікір алмасты.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мирзиёев пен Назарбаев бір-бірін және екі елді халықтарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Екі жақ коронавирустың таралуының алдын алу, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық даму мен Өзбекстан-Қазақстан қатынастарына теріс әсерін азайту саласындағы екі елде де жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдайтындарын қуаттады. Бұл телефон арқылы орын алған сұхбат кезінде сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас және аймақтық әрі халықаралық ынтымақтастық туралы пікір алмасу өтті.
Қазақстан Өзбекстанның ең үлкен сауда серіктесі саналады. 2018 жылдың 10 айындағы екі елдің арасындағы сауда айналым 2 млдр доллардан асты.