Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46481
Қазақстан Президенті елінің мұсылман халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 25, 2020 15:48 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті елінің мұсылман халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауда:  «Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен  жауапкершілік танытуға шақырамын»,- деді.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының шешімі бойынша, биыл Рамазан айында мешіттерде күнделікті намаздар, жұма намазы мен тарауиқ намазы оқылмайды. Сондай-ақ, жағдай жақсарғанша ауызашар мен басқа ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынды.