Қазақстанда «Иран-наме» журналының 53-54 саны жарық көрді
(last modified 2020-07-09T14:48:44+00:00 )
Шіл 09, 2020 20:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанда «Иран-наме» журналының 53-54 саны жарық көрді

Қазақстанда «Иран-наме» журналының 53 және 54 саны жарық көрді, деп хабарлайды Қазақстандағы Иран Елшілігінің мәдени өкілдігі.

Журналдың бұл санында доктор Динанидің Хайям туралы көзқарастары, Акбар Турсонның кеңестік кезеңдегі ұлттық мәдениеттердің тарихи тағдыры туралы мақаласы, доктор Холмуминовтың  бірлік философиясы және Накшбандия ілімдері туралы мақаласы, Акбар Турсонның  «ЮНЕСКО және Орталық Азиядағы Иран мәдениеттерін зерттеу» мақаласы, тәжікстандық филология ғылымдарының докторы Нурали Нурзодтың Мисра эволюциясы, Аруз бен Муаммо өлшемдерінің Бидел ғазалдарындағы дәстүрлі емес қолданылуы туралы зерттеуі, Шемданизаде Сулейман Эфендидің Сефевилер  мемлекеті туралы шығармасы, Эдуард Хуршудянның Сасанилер дәуірінің тиындары туралы зерттеуі, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадамның көрнекті ирантанушы Сафар Абдулломен парсы тілі мен Иран мәдениетінің Қазақстандағы рөлі туралы сұхбаты жарияланды. 

Айта кетер  жайт, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің мәдени өкілдігінің қолдауымен және доктор Сафар Абдуллоның талпынысымен жарық көретін бұл журналдың Орта Азия мен Кавказда көптеген оқырманы бар әрі ирандық мәдениет пен өркениет тақырыбын зерттейтін адамдар үшін құнды дереккөз болып табылады. 

Тегтер