Қазақстан Қытайдың экологиялық бағдарламаларын сынады
Қазақстанның Қоршаған орта министрі Қытаймен трансшекаралық өзендер туралы келіссөздер өткеніне тоқталып: «Бейжің трансшекаралық өзендердің экологиясын сақтауға ниетті емес»,-деді.
Мағзұм Мырзағалиев Қытайдың трансшекаралық өзендер туралы келісімге қол қоюға ниет білдірмей отырғанын алаңдатарлық жағдай деп атап: «Қазақстан бұл салада өзінің құқығынан кері шегінбейді»,-деді.
Қытайдың халықаралық шекараларынан 40 маңызды өзен ағып өтеді. Алайда бұл ел трансшекаралық өзендер туралы ешбір халықаралық құқықтық құжатқа қол қоймай, трансшекаралық өзендерге иелік ету құқығы олардың бастау алған еліне тиесілі деп санайды. Ал бұл жағдайда Қытайдың түрлі өңірлердегі трансшекаралық өзендерге қатысты даму жобалары Қазақстанның солтүстігін қуаңшылық қаупіне ұшыратып отыр.