Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ сатты деген қауесет таралды
Қар 09, 2020 15:23 Asia/Almaty
Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ сатқандығы туралы хабарды теріске шығарды.
Қазақстанның Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы елдің Әзірбайжан республикасына қару-жарақ ұсынғаны туралы ақпаратты негізсіз деп атады.
Осы ведомствоның хабарлауынша, Нұр-Сұлтан үкіметі әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндеттемелерін берік сақтап келеді және басқа елдерге қару-жарақ сатуды көздемейді.
Қазақстанның Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы елдің халқын ресми ақпарат көздері таратқан ақпараттарға ғана сенуге шақырды.
Жуырда әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат сайттарында Қазақстанның Әзірбайжанға қару-жарақ сатқаны туралы хабар тарады.
Тегтер