Қазақтың ұлы ақыны Абайды еске алу рәсімі өтті
(last modified Fri, 25 Dec 2020 09:36:02 GMT )
Жел 25, 2020 15:36 Asia/Almaty
  • Қазақтың ұлы ақыны Абайды еске алу рәсімі өтті

Қазақстанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен және ИИР елшісінің қатысуымен «Абай Құнанбайұлының шығармасындағы түркі-парсы ақындары» атты халықаралық отырыс бейнеконференция форматында өтті.

Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер осы отырыста Иранда «Абай жолы» романының басылып шыққанын, Ұлттық кітапханада ұлы ақынға ескерткіш қойылғанын айтып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір көшеге Хафиз атын және Теһранда бір көшеге Абай атын беруге ұсыныс жасады.   

Иранның Қазақстандағы елшісі: «Абай парсының атақты ақындары, соның ішінде Фердоуси, Хафиз, Сағди мен Низамиден шабыт алып, өлең жазған»,-деді.

Осы отырыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан, Мысырдың шығыстанушылары мен әдебиетшілері және Иранның Алматыдағы бас консулы, Теһран мен Алламе Табатабаи университеттерінің ұстаздары мен Сағди ұйымының өкілдері сөз сөйледі.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – 1845 жылы дүниеге келген қазақ ақыны, ойшылы әрі композиторы.