Қазақстанның әртүрлі қалаларында митингтер өтті
(last modified Tue, 02 Mar 2021 10:53:04 GMT )
Нау 02, 2021 16:53 Asia/Almaty
  • Қазақстанның әртүрлі қалаларында митингтер өтті

Үкімет қарсыластары Қазақстанның әртүрлі қалаларында митингтер өткізді.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, наразылық білдірушілер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Шымкент және Орал қалаларында жиналды және полицияның реакциясымен бетпе-бет келді. Алматының екі ауданында митинг елден кеткен үкімет қарсыласы Мұхтар Әблязовтың шақыруымен өтті. Наразылық білдірушелір саяси реформалар өткізуді және саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Наразылар қол қойған мәлімдемеденің баптарының бірінде  парламенттік сайлауды биылғы жылдың соңына дейін өткізу, партияда жоқ үміткерлердің сайлауға қатысуына мүмкіндік беру және елдегі саяси күштердің еркін тіркелуіне тыйым салатын саяси партиялар туралы заңның күшін жою сынды тақырыптар көрсетілді. Митинг кезінде бірқатар наразылық білдіруші ұсталды.